Елімізде жел күшейіп, қар көшкіні жүруі мүмкін

Еліміздің төрт облысында ауа-райының күрт бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 
"Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.  29 желтоқсанда Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 20 метрге дейін жетіп, қар, түнде кей жерлерде бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр.  "Жауын-шашын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында) және Алматы облысының таулы аудандарында 29 желтоқсанда қар көшкіні қаупі сақталады", - делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 505 0