Қазақ футболының жұлдызы Самат Смақов үлкен спортпен қоштасты

Аты аңызға айналған футболшы Самат Смақов жуық арада мансабын аяқтайды деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Prosports.kz-тің жазуынша, жаңа жылдан кейін Самат Смақов футболшы мансабын аяқтағаны жөнінде ресми хабарлайды.

Ал одан кейін «Ақтөбе» клубының бас директоры қызметіне тағайындалмақ.

Айта кетейік, Самат Смақов футболдағы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік "Елімай" командасының сапында бастаған.

Ол Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 498 0