Бірлесіп өзара әрекеттесу жайы талқыланды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының, «ӨСжАҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының, ҚР ІІМ ТЖК «МАО» Қызылорда облысы бойынша филиалының, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ қызметкерлері және Азаматтық қорғау және шұғыл қызметтердің кезекшілік – диспетчерлік қызмет басшыларының қатысуымен өзара әрекеттесу, проблемалық сұрақтар, оларды шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстел өкізілді. Отырыс барысында алдағы қыс мезгіліне шұғыл қызметтердің дайындығы, орын алған оқиға орындарынан ақпаратты жедел әрі нақты алмасып, бірлесіп өзара әрекеттесу жөнінде талқыланды.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің  2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-19-1/3727-И хаты талқыланып және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №175 және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №134 «Кезекші қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтары жеткізілді.

                         Ж. Досымов, басқарма бастығының міндетін атқарушы  азаматтық қорғау капитаны              

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2017 г. 556 0