
Кеше қайрымдылық шараларының тұрақты демеушісі ретінде халықтың ықыласына бөленген облыстық мәслихат депутаты, "Углесбыт" ЖШС директоры Расул Есенов аудандық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің оқушыларына арнап ұйымдастырылған жаңажылдық мерекелік шараға қатысып, балаларға қуаныш сыйлады.
Бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған халық қалаулысы балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде мекеме басшысы Е.Аппазаев балалардың және ата-аналардың атынан облыстық мәслихат депутатына алғыс айтып, жұмысына сәттілік тіледі.