Парасыз болашаққа бірге

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында облыс орталығында жасақталған мобильді топ арнайы автобуспен қала көшелерімен жүріп өтіп, халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесті.
Мобильді топ құрамына - «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілі Қ.Жарекеев және Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы директорының орынбасары С.Насипова және басқа да мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері енген. «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мобильді тобы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен де кездесіп, кезекті ақпараттық түсіндіру шарасын өткізді. Іс-шара барысында ТЖД қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын орындау, халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, қызмет көрсету барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді барынша азайту, азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру қажет. Мобильдік топ бұл жұмысты жалғастыратын болады, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев. Осы іс-шараға барлығы 45 адам қатысты.

Қызылорда облысы ТЖД.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2017 г. 552 0