
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Суицид немесе жан айқайы» тақырыбында психолог Назым Анарбекқызының ұйымдастыруымен семинар дәріс өтті.
Семинарға Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық психологі Ақмарал Мұхитқызы Исамбекова мен Облыстық наркологиялық орталығының психологі Айнұр Серікбайқызы Төлепованың арнайы шақыртылды. Өз-өзіне қол жұмсау - қазіргі таңда кеңінен таралып бара жатқан дерттің бірі болғандықтан, дәріс «Суицид дегеніміз не?», «Адам ондай іс-әрекетке неліктен барады?» деген көптің көкейінде жүрген сұраққа слайд арқылы жауап берумен басталды.
Психолог мамандар департамент қызметкерлерінің «Суицид жасауға талпынған адамды қалай ажыратуға болады?», «Зиянды әдеттермен әуестену мен өз-өзіне қол жұмсаудың байланысы қандай?», «Нашаның адам санасына, яғни психикасына әсері», «Суицид жасайын деп жүрген адамның сол сәттегі ішкі дүниесі, сыртқа көзқарасы, ішкі ойы қандай?», «Мысалы, адам өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды дедік. Енді бұдан кейін оның жақын туыстарының, ата-анасының, бауырларының, балаларының психологиялық күйі қандай болмақ?» және т.б сұрақтарына өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жауап берді.
Жиынды департамент психологі суицидтің алдын алу үшін адамдардың бір-біріне мейіріммен, махаббатпен қарап қарым-қатынас жасау керектігін айтып қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД.