Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Қ.Көшербаев Арал ауданына жылжымалы флюро-қондырғы мен арнайы санитарлық жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті. Енді алғашқы көмекке қажетті құралдармен жабдықталған көліктер аудандық аурухана, емханаларда қызмет көрсететін болады.
Сонымен қатар, соңғы үлгідегі жылжымалы флюро-қондырғы аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарын сапалы тексеруден өткізуге мүмкіндік ашты.