ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1142 қаулысымен бекітілген «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы» Ережеде жергілікті полиция қызметінің бастығы «жылына екі реттен сиретпей өкілді және атқарушы органдар алдында, сондай-ақ, жылына бір рет халық алдында есеп береді» делінген.

Осы ретте, аталған заңның талаптарын орындау, сондай-ақ полиция қызметінің  ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 27 желтоқсан күні сағат 16.00-де Қызылорда қаласы, Есімхан көшесінде орналасқан №278 орта мектепте Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ибраев Бауыржан Әшімұлы халық алдында атқарылған жұмыстар жайлы есеп береді.

Осыған байланысты, қояр сауалдарыңыз бен білдірер ұсыныстарыңыз болса, аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2017 г. 473 0