«Тәуелсіз елдің бақытты аналары»

"Хан шатыры" мейраханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің бақытты аналары» тақырыбындағы конференциясы өткізіліп отыр. Шараға мекеме басшысы мен қызметкерлері және ҮЕҰ, белсенді жастар, еріктілер, БАҚ қатысты. 

Әр заманның өз батыр арулары бар. Тарихта аты қалған Сақ патшайымы Тұмар ханым ат үстінде жүріп жауын жасытса, Әлия мен Мәншүктің ерлігі күні бүгінге дейін ел есінде. Әрине, батырлық тек қолға қару алып, қонышынан қан кешкен жауынгерлікті меңземесе керек. Ендеше, бүгінгі күннің батыр әйелдері кімдер? - Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана-мәңгілік тақырып.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 508 0