Психологиялық тренинг

Жастар ресурстық орталығының  Коворкинг кабинетінде  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ата ананың психологиялық денсаулығы», «Адами қарым қатынас мәдениеті» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті Қорқыт Аата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің педагог-психологы Аймаханова Назира Кенжебекқызы өткізуде.  Шараға мекеме басшысы мен қызметкерлері және ҮЕҰ, бірлестіктің ынталы тобы, БАҚ қатысты.
Тренинг-білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды.
Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс , олар, ыза, қатты дауыс, дөрекілік , өзімшілдік , қатыспаушылық , қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе қажетсіз сөзге араласу, тыныштық, селқостық қылжақтық және т.б.
Тренинг мақсаты-адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2017 г. 979 0