« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық тыңдау өткізіліп отыр.
Қоғамдық тыңдауға Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бас маманы Гүлсара Насипова қатысушы көпбалалы «Батыр аналарға» қатысты әлеуметтік төлемдер жайлы толық мәлімет берді. Көпбалалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған, одан басқа I және II дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған) төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыға да енгізілмек. Қазіргі кезде, аналардың бұл санаты үшін жәрдемақының 3 түрі қарастырылған, яғни, құжаттар пакеті үшеу болуы керек. Бұл тұста құжат тапсырудағы қиындықтардан тыс, жәрдемақыны беру тәртібінің саналуан заңдармен реттелетіні ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан, көпбалалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы «көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы» болып өзгереді және оны алу үшін бір ғана құжаттар пакетін ұсынса жеткілікті болады.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз етудегі екінші елеулі өзгеріс жайында айтар болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:
- көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;
- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.
АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда берілетінін айтып түсіндірді.
Көпбалалы «Батыр аналар» өздерін біраздан бері мазалап жүрген әлеуметтік төлемдер жайлы мәліметтерді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бас маманы Гүлсара Насиповадан бетпе-бет толыққанды түсініп алды.
Шараға мекеме басшысы мен қызметкерлері және ҮЕҰ, бірлестіктің ынталы тобы, БАҚ өкілдері қатысты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |