Үстіміздегі жылдың 26 ақпанынан бастап Кәсіпқой футбол лигасы биыл Қазақстан біріншілігінің Премьер-лигасында ойын көрсететін командалардың құжаттарын қабылдау басталады. Алғашқы күні өткен жылғы ел чемпионы «Ақтөбе» клубы өз құжаттарын өткізеді.
Қызылорданың «Қайсары» 11 наурызда аталмыш шараны жүргізеді. Естеріңізге сала кетелік, жерлестеріміз 15 наурыз күні өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды.
«Ақтөбеден» өзге 27 ақпанда Қарағандының «Шахтері», 28 ақпанда Астананың «Астана», 1 наурызда Алматының «Қайрат» командалары құжаттарын тапсырады. Ал 3 наурызда Шымкенттің «Ордабасы», 4 наурызда Павлодардың «Ертіс», 5 наурызда Қостанайдың «Тобыл», 6 наурызда Атыраудың «Атырау», 7 наурызда Талдықорғанның «Жетісу», 10 наурызда Тараздың «Тараз» клубтары осындай талаптарды орындаса, 12 наурызда Семейдің «Спартагы» құжат өткізеді. Сонымен қатар, ойыншыларды тіркеудің трансферлік кезең 3 сәуір күні жабылады.