
The Boxing Junkie X басылымы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) келер жылы алғашқы жеңіліске ұшырауы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«2018 жылы өз есебіндегі «нөлінен» айырылып қалуы мүмкін боксшы кім? Кит Турман, Дмитрий Бивол, Геннадий Головкин немесе Деонтей Уайлдер ме?», деп жазады The Boxing Junkie X-тің Туиттердегі парақшасы. Айта кетсек, 2018 жылы Головкин Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы реванш өткізуі, сондай-ақ WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) кездесуі мүмкін.