
Жуырда Тереңөзек кентіне қарасты жаңа қоныстану аумағынан «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері Елтай Байназарұлы Тыныштықбаев есімі көшеге берілді. Шараға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, еңбек ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Ашылу рәсімінде облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов ардагердің аймақтың өсіп-өркендеуіне қосқан еселі еңбегін, өнегелі өмірін үлгі етті. Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов Елтай Байназарұлымен қатар қызмет атқарғандығын, азаматтық болмысын, қызметке деген ыждағаттылығын, ұйымдастырушылық қабілетін ықыласпен жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, ағайын-туыстары атынан Б.Төрешов азаматтың еліне елеулі қызметіне ризашылық білдірді. Көшенің ашылу рәсімінен кейін Елтай Тыныштықбаевтың рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Сырдария ауданы.