Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өттіҚызылорда. Қызылорда қаласында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті Қала әкімдігімен азық-түлік өнімдері мен жанармай бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақстында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бұл мақсатқа арнайы қалалық жұмысшы тобы құрылып, қала бойынша бағаға бақылау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың басым бөлігі тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бүгіннен бастап қаладағы кәсіпкерлермен, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып сенбі, жексенбі күндері жәрмеңкелер өткізілетін болады.
Өткен сенбіде Ескі базар аумағында өткізілген жәрмеңкеде 20-дан астам көлікпен 100 тоннадан астам өнім сатылды. Бағасы базар бағасынан 20-30 пайызға дейін төмен. Мұнан өзге қаланың 12 жерінен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен арзан азық-түлік өнімдерін сататын әлеуметтік дүкендер ашылып, жұмыс жасауда. Егер қала тұрғындарымен жәрмеңкеге, азық-түлік өнімдеріне сұраныс артатын болса, онда мұндай жәрмеңкелерді қаланың бірнеше жерінде тұрақты түрде өткізу мүмкіндіктерін де қарастырылатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2014 г. 1 060 0