« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағановтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті.
Мәжілісте ауданда денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Б.Әлішева баяндама жасады.
Есепті кезеңде 1170 туылым, 291 өлім тіркелген. Ана өлімі жоқ. Ал онкологиялық аурушаңдық көрсеткіші 39,3 пайызға азайған.
150 орындық жаңа аурухана жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Қазір медициналық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе – аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары. Бұл туралы хабарлаған бөлім басшысы Ғ.Темірбаев аудан бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты екендігін жеткізді. Қазір ауданда 50-ге жуық қоғамдық ұйымдар мен қорлар бар. Олар аудан көлеміндегі қоғамдық шараларға араласып, белсенді жұмыс жасап келеді.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә.Жарылқағановқаралған мәселелер бойынша жедел-жәрдем станциясы қызметіндегі көлік мәселесін реттеуді, халыққа тегін дәрі-дәрмек босатуда қиындықтар болдырмауды, жас дәрігер мамандарды тарту бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |