Жалағаш.Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының Жалағаш аудандық бөлімі жұмысын бастады. Орталық әрбір жасқа қолдау көрсетуге көңіл бөлмекші.
Бұл орында жастарға құқықтық қолдау жасалып, өмірдегі маңызды мәселелерді шешуге көмектестеді. Сондай-ақ, жастар өз белсенділігін арттырып, талантын ұштай алады. «Біздің есігіміз жаңашылдыққа жаны құмар жастар үшін әрқашан ашық» дейді орталық мамандары.