Ғалымдар Нартай мұражайымен танысты

Ғалымдар Нартай мұражайымен таныстыОблыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңеске қатысқан ғалымдар Шиелі ауданында іс-сапарда болды. 
ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, "Остров қырым" ЖШС- нің директоры Қырым Алтынбеков, Филиология ғылымдарының докторы Шакимашрип Ибраев бастаған ғалымдар әуелі Н.Бекежанов атындағы мұражай жұмысымен танысты. Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер мұражайы 1990 жылы салынып, 1993 жылдың 25 қазанында пайдалануға берiлдi. Ол қыштан салынған, екi қабатты, екi күмбездi шығыс әшекейiмен безендiрiлген.
Мұражай 2005 жылы күрделі жөндеуден өтті. 2007 жылдың қазан айында мұражай залдарына рэкспозиция жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан» залы ашылды. Мұражайдың жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан. Мұражай үйi негiзiнен 2 қабатты көрме залынан тұрады. Онда 15064 жәдігер бар.Оның ішінде негізгі қор 8939,. көмекші қорда 6725 дана жәдігер қойылған.
 
Ғалымдар Нартай мұражайымен танысты
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2014 г. 958 0