Қарғын су Жаңақорғандағы үйлерді шайып кетті

Қарғын су Жаңақорғандағы үйлерді шайып кеттіЖаңақорған. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан таудан аққан қарғын су Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінде орналасқан шамамен 30-40 тұрғын үйлер мен нысандарды шайып өтті. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты бүгінде арнайы штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстарына төтенше жағдай кезінде әрекет ететін барлық күш құралдар тартылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Жаңақорған аудандық комиссиясының 3 тобы құрылып, су алу салдарынан келген зардаптың шығынын анықтау мен есепке алу жұмыстарын жүргізуде. Көшелерге ауыр жүк көліктері арқылы құм төселіп, тұрғын үй аулаларында жиналған суды су тартқыш техникалары арқылы судан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аумақтағы тұрғындар толығымен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазіргі уақытта қарғын суды Самара-Шымкент автожолы бойындағы Самара-Шымкент-Жаңақорған көпірінің астынан бөгеп, су арнасы басқа қауіпсіз бағытқа қарай айдалып, бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде. Құтқару жұмыстарына жалпы аудан бойынша 347 адам, 64 техника қатыстырылып, жұмыс жасауда.
 
Қарғын су Жаңақорғандағы үйлерді шайып кетті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2014 г. 1 416 0