Атырау облысында 2017 жылы алғаш рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дамбы кентінің 34 жастағы тұрғыны Бағдат 19 желтоқсанда дүниеге үшем әкелді. Үш сәби де қыз бала. Салмақтары 2 390-ден 2 590 грамға дейін. Босану сәтті өтті. Сәбилердің және ананың да жағдайы жақсы. Отбасындағы үш баланың саны алтауға жетті», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Атырау облысында бұл биылғы жылдағы бірінші үшем болып отыр.