«Мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын» атты байқау өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде «Мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын» атты байқау өтті. 
Байқауға Тәуелсіздіктің төл құрдастары ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет қатарындағы  Кушеров Нұржан Дүйсенұлы, ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет сержанты Қайырбергенов Нұрбек Нұрлыбекұлы, ЗК-169/4 мекемесінің мұрағатшысы Жаңбыршиева Индира Бекмырзақызы, ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Тәуекел Байқадам  қатысты. Тәуелсіздіктің төл құрдастары байқаудың«Таныстыру», «Қазақта тұңғыш.....», «Суреттер сыр шертеді», «Сандар сыры», «10 тарихи қадам» , «Менің өнерім»  кезеңдері  бойынша сынға түсті. «Қазақта тұңғыш....   » кезеңінде Қазақ тарихында әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер туралы сұрақтарға мүдірмей  Кушеров Нұржан Дүйсенұлы, Жаңбыршиева Индира Бекмырзақызы жауап берді. «Суреттер сыр шертеді» кезеңінде Тәуелсіздік жылдарынан бері салынға ескерткіштер туралы мағұлмат беруде тәуесіздіктің төл құрдастары алдына жан салмады. «Менің өнерім» кезеңінде Кушеров Нұржан Дүйсенұлы М.Шахановтың «Отырар» поэмасын нақышына келтіріп орындағанда тұла бойы шымырламаған адам қалмады.
Байқаудың әділ өтуіне тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ә.Бахытова, ҚАЖ департаментінің  штаб тобының бас маманы С.Абдамитова, ҚАЖД заңгері Б.Абдиев  қазылық етті.Байқау қорытындысы бойынша І орынды ЗК-169/4 мекемесінің мұрағатшысы Жаңбыршиева Индира Бекмырзақызы еншілесе, ІІ орынды ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет қатарындағы  Кушеров Нұржан Дүйсенұлы, ІІІ орынды ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Тәуекел Байқадам жеңіп алды. Белсене қатысқаны үшін Қайырбергенов Нұрбек Нұрлыбекұлы Алғысхатпен марапатталды.
ҚАЖ департаментінің
тіл маманы
Дана Достанова

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2017 г. 701 0