« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қытайда үлкен пандалардың нәжісінен майлықтарға арналған қағаз өндіріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.
Сычуань провинциясындағы Чэнду ұлттық қорығы целлюлозды-қағаз компанияларының бірімен келісім-шарт жасасты. Енді аталған келісім-шарттың негізінде панда нәжістерінен майлық жасайтын қағаздар өндірілмек.
Үлкен панда күнделікті 10 кг фекалий өндіреді. Нәжістен өзге пандалар күнделікті 50 кг бамбук сабағын жартылай жұтып, кейін түкіріп тастайды. Келісім-шартқа сәйкес, Sichuan Qianwei Fengsheng Paper компаниясы әр апта сайын қорықтан барлық нәжісті алып кетіп отырады. Бұрын мұндай нәжісті қорық қызметкерлері қоқысқа тастаған немесе тыңайтқыш ретінде тұтынған.
Комбинатта панда нәжісі 60 түрлі сатымен өңделеді. Sichuan Qianwei Fengsheng Paper компаниясының президенті Ян Чаолинь Қытай газетіне берген сұхбатында пандалардың бамбук сабағынан фруктозаны алып, тек өзегін қалдыратынын анықтады. Нәтижесінде целлюлозадан майлық, қағаз орамал және әжетхана қағазы жасалмақ. Мұндай майлықтың бір қорабы 43 юаньға сатылатын болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |