Аралда көп қабатты тұрғын үйлер жөнделеді

Аралда көп қабатты тұрғын үйлер жөнделеді Арал. Биылғы жылы ауданда 10 көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтеді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда арендалық тұрғын үйлерді салумен қатар, салынғалы жөндеу көрмеген кондоминимум нысандары баршылық. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы» аясында аудандық бюджеттен 2,0 млн теңге қаржы қаралды. Сол арқылы 10 көпқабатты, көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминимум құжаттары дайындалып, ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2014 г. 997 0