
Кеше Әділет департаментінің ұйымдастыруымен бағалаушылардың қатысуымен жиналыс өтті. Жиында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылды.
Заң жобалары бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, оны «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң нормаларына сәйкес келтіруге, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерді негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.