Беларусь азаматтары көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне мемлекеттік нөмірі НBG 133 «DAF» маркалы жүк көлігінің  жанар-жағар майы қатып қалуы себебінен тоқтап қалғандығы жөнінде және көлікте Беларусь Республикасының екі азаматы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.  

Аталмыш хабарламаға сәйкес төмендегі жұмыстар ұйымдастырылып, атқарылды: 2017 жылғы 17 желтоқсанда оқиға орнына Арал ауданы ТЖ бөлімінің және  Аралқұм ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлері жіберілді.  Оқиға орнына келген кезде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» /«Самара – Шымкент/ тас жолының 1397 шақырымында Аралқұм стансасы маңында (Арал қаласынан 41 шақырым жерде) жанар-жағар майы қатып қалуы себебінен мемлекеттік нөмірі НBG 133 «DAF» маркалы жүк көлігінің тоқтап қалғандығы және көлікте Беларусь Республикасының екі азаматы (1988 ж.т. Войтехович Юрий Геннадиевич, 1985 ж.т. Войтехович Святослав Геннадиевич) бар екендігі анықталды.  Беларусь Республикасының  азаматтары азық-түлікпен және жылыту құралымен қамтамасыз етілді. Медициналық көмекті қажет еткен жоқ.  

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің күшімен  (2 адам, 1 техника), «ҚазақАвтоЖол» ЖШС Арал бөлімшесінен «ДЭУ-49» техникасымен (1 адам, 1 техника) және жергілікті атқарушы органнан (2 адам, 1 техника) жүк көлігін сүйреп апару-жөндеу жұмыстарын жасады және көліктегі 2 адамды көшірді. Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында аталмыш көлік Арал ауданынан жолға шығарып салынды. Беларусь Республикасының азаматтары көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2017 г. 530 0