« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.
Оған облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы, бөлім басшылары, сот мамандары мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.
Салтанатты шарада облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жиынға қатысушыларды еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталды.
– Ел Тәуелсіздігінің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада республика соттарында түбегейлі реформалар жасалды. Бүгінде Қазақстан барлық салада – экономикада, халықтың әл-ауқатын арттыруда, соттардағы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді, – деді ол.
Жиында Қармақшы аудандық сотының судьясы Лаура Әлібекова хабарлама жасады. Онда егемен еліміздің 26 жылда жүріп өткен жемісті, жеңісті жолын, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің реформалары мен сот саласының жетістіктерін айтты.
Мерекелік шарада сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері марапатталды. Шара соңында қатысушылар жазушы Тахауи Ахтановтың екі бөлімді «Ант» атты шығармасының желісі бойынша қойылымын тамашалады.
Шынар БЕКБАН.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |