« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Белгілі журналист-жазушы, көсемсөзші, ақын Сарбұлақ Ибрашевтың есімі аймағымызға етене таныс. Оның өмірінің көп кезеңі Сыр журналистикасымен тікелей байланысты. Сонымен бірге жазушылық қырымен де оқырман ойында қалған азамат.
Ол Сырдария ауданы тарап кеткен тұста аудандық басылымды өзі қолға алып, «Тіршілік» деп қайта атау беріп, жеке қаржысымен шығарды. Оған қоса ақпарат айдынына «Самала», «Күн мен түн» секілді жаңа басылымдарды қосты. Әсіресе жазушының «Қарт Қаратау, тіл қатшы» деп аталатын көркем шығармасы көпшіліктің сұранысына ие болған еңбегі.
Журналистер арасында өмірден озған журналист ағамызды жастардың жадына салып, оның өнегелі істерін насихаттауға бағытталған дойбы турнирі тұрақты өткізіліп келеді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарбұлақ Ибрашұлын еске алуға арналған дәстүрлі дойбы турнирі өткізілді. Турнирдің ашылуында ақынның досы, турнирдің бас төрешісі Сағат Жүсіпов сөз алып, белгілі тұлға дәрежесіне көтерілген Сарбұлақ аға жөнінде жылы лебізін айтып, дойбышы журналистерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Тақта бетіндегі тартыста «Сыр үні» газетінің бағдарламашысы Ғалымжан Қабылбаев 1-ші, «Сыр медиа» серіктестігінің қызметкерлері Сәбит Көшербаев пен Дүйсенбек Аяшұлы 2-ші, 3-ші орындардың сыйын олжалап, Тасбөгет кенті әкімінің арнайы кубогімен және алғыс хатымен марапатталды.
Достық пейілді арттырып, шеберлік шыңдаған дойбы жарысынан соң журналист-жазушының жары, «Көз» газетінің редакторы Анархан Марданова жиылған қауым мен қатысушыларға алғысын білдіріп, марқұмның рухына бағыштап ас берді.
М.МЕРЕЙ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |