Мүмкіндігі шектеулі Қасиет дизайнер болуды армандайды

Мүмкіндігі шектеулі Қасиет дизайнер болуды армандайдыЖаңақорған. Аққұм елдімекенінің тұрғыны 16 жасар Қасиет Қалдыбайқызы туа бітті мүмкіндігі шектеулі бала. Анасының айтуынша, балаға дәрігерлер «туа бітті иық, балтыр сүйектерінің деформациясы» деп диагноз қойған. 
Бүгінде Қасиет арнайы маманның көмегімен үйден оқытылады. Тәрбиешінің айтуынша, баланың оқуға деген талпынысы, қабылдауы, қызығушылығы өте жоғары. Болашақта дизайнер болуды армандайтын Қасиет сабақтан өзге сурет салумен, кесте тігумен, тоқыма тоқумен айналысып, құрақ құрайды екен. Сөйлеген сөзі мен ісіне қарап, қаршадай қыздың қабілеттілігі мен қағылездігіне таң қалдық.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2014 г. 943 0