Тәуелсіздіктің тірегі – рухани құндылық

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты іс – шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау хаты оқылды. Департамент бастығының орынбасары әділет майоры Т.Тұрсынбаев құттықтау лебізін жеткізіп, әр азамат тәуелсіздік құндылықтарын қастерлеп, қоғамдағы рухани жаңғыру бастамаларына үлес қосу қажеттігін жеткізді
Осы айтулы күні қызметтегі жақсы жетістіктері үшін ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері Қазақстан Ішкі істер министрінің бұйрығымен және ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен Алғыс хаттарымен марапатталды. ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі А.Раисов «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін»медалімен марапатталды. Шара соңында қызметкерлерге Тәуелсіздік туралы деректі фильм көрсетілді.

Дана Достанова.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2017 г. 588 0