
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина мен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунованы ұсынған болатын. Осыдан кейін аталған мәселе бойынша негізгі баяндаманы Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жасады. Ол ұсынылған екі кандидаттың еңбек жолына кеңінен тоқталып өтті.
Нәтижесінде Мәжіліс депутаттары екі кандидаттың да Орталық сайлау комииссиясының мүшесі болып тағайындалуын қолдады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжілістің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.