Брейн ринг сайысы өтті

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жастар ресурстық орталығының» Cо working залында «БРЕЙН-РИНГ» интеллектуалдық сайыс өткізді.
Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарды жұмыспен қамту» бөлімінің басшысы А. Аукенов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің қызметкері А. Сәдіров, «Қызылорда облысы жастар Одақтары»   ҚБ-нің төрағасы С. Әбіл және жас құрылысшылар еңбек жасағының сарбаздарымен жастар ұйымдары қатысты 20-ға жуық жастар қатысты.
Сайысқа Қазақстан студенттер «Альянсы» командасы қатысып жүлделі І орынды, ІІ орынды «Жасыл ел» еңбек жасақтарынан құрылған
«Табиғат» командасы, ІІІ орынды «Жахаев Ізбасарлары» командасы иеленді. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2017 г. 664 0