Ең сәтсіз кілтсөз

SplashData компаниясы пайдаланушылардың өзінің электрондық почтасы, әлеуметтік желілері мен басқа да жеке парақшаларын қорғайтын кілтсөздерінің рейтингісін жариялады. Аталған компания бұл рейтингті қатарынан жетінші жыл жүргізіп отыр, деп жазады Motherboard. 
Бірнеше жыл қатарынан аталған рейтингте «123456» деген кілтсөзі  танымал болып келе жатыр.  Екінші орында «password» сөзі, ал алғашқы үштікті «12345678» цифрлік белгілері бар құпиясөз түйіндеп отыр. Сондай-ақ, бұл тізімге «qwerty», «football», «admin», «welcome», «login», «abc123», «dragon», «passw0rd» және «master» сияқты өте жиі және сәтсіз таңдалатын кілтсөздер кірген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2017 г. 585 0