Қызылордада «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді

Қызылордада «Мәңгілік ел» акциясы өткізілдіКеше Қызылорда қаласындағы «Мұз сарайы» ғимаратында «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді. Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысты. 
– Бір кездері Еділінен айрылып, еңсесі түскен қазақты Есілінен де айрылып қалмас үшін Елбасымыз ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті төрі – Сарыарқада, Еуразия жүрегінде Астанамызды салды, – деді облыс әкімі жұртшылық алдында. – Еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білді. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды сеніп тапсыруы осыған дәлел. Біз – бір шаңырақтың астындағы мүддесі бір, мақсаты ортақ, жүзі басқа болса да – жүрегі бір, тілі басқа болса да – тілегі бір, тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықпыз.
Осыдан кейін елімізге белгілі қаламгер Олжас Сүлейменов сөз алып, соңғы жылдарда Қазақстандағы зор жетістіктер жайында сөз етті. Қазір жаһандағы жұрт жұмыр жерде Қазақстан деген елдің бар екендігін жақсы біледі. Еліміздің барлық аймағында өрелі өзгерістер жасалуда. Осындай оң бастамалар Сыр бойында да байқалады. Соңғы жылдарды өңірде серпілісті істерге жол ашылып, халықтың, елдің жағдайын жақсарту бағытында игілікті бастамалар қолға алынып жатыр. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2014 г. 1 050 0