Қазақстан құрамасы «Еуразия барысы» турнирін жеңді

Қазақстанның қазақ күресінен құрамасы «Алматы Аренада» өткен «Еуразия барысы» турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Финалда құрама күресшілері Алматының «Qazaqkuresi» клубынан басым түсті.
Қазақстан құрамасында Дауылбай Оспан (55 кг дейін), Қуаныш Ысқақов (60 кг дейін), Бақтәулет Сәбитов (66 кг дейін), Айдос Ғалымов (74 кг дейін), Ерсұлтан Мұзаппаров (82 кг дейін), Бекзат Ахметбеков (90 кг дейін), Асыл Барменов (100 кг дейін) және Айбек Нұғымаров (100 кг жоғары) күресті.
Алматы командасында Дәулет Ниетбай (55 кг дейін), Ержан Мағауинов (60 кг дейін), Қасымхан Түленбай (66 кг дейін), Амангелді Төлемісов (74 кг), Сахан Әбдіқасым (82 кг дейін), Саят Шәмшиев (90 кг дейін), Арслан Әбдамит (100 кг дейін) және Руслан Әбдіразақов (100 кг жоғары) болды.
Қола жүлде үшін тартыста Өзбекстан құрамасы Жапония спортшыларын 6:2 есебімен жеңді.
Осымен «Еуразия барысы» бесінші рет өтті. Турнирге Грузия, Монғолия, Түркия, Өзбекстан, Бразилия, Жапония және Камерун құрамалары қатысты. Спортшылар сегіз салмақ категориясы бойынша тартысты. «Еуразия барысы» чемпионы он миллион теңге, күміс жүлде иегері алты миллион, ал үшінші орын жеңімпазы төрт миллион алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 желтоксан 2017 г. 588 0