Кәсіпкерлікті дамыту жәйі талқыланды

 Кәсіпкерлікті дамыту жәйі талқыландыАрал. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында семинар-кеңес өтті. 
Семинарға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының, банктердің өкілдері, аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. «Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары, табысқа жету факторлары, бизнес-жоспардың құрылымы, кәсіпкерлікті дамытудың заңдылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар кәсіпкерлікті ашу мен шұғылдану, қалай дамыту керектігі туралы өз ойларын ортаға салып, тиісті мамандардан кеңес алды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2014 г. 1 097 0