
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шара қалалық партия филиалының мәжіліс залында болды. Оған партия ардагерлері мен белсенділері, жасотандықтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахмановжиылғандарды мерекемен құттықтап, бұл Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығымен мәніне тоқталып өтті.
– Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздіктің мәні де, мағынасы да, мазмұны да ерекше. Біздің тәуелсіздік - ұлттық асқақ рухтың ежелден азаттыққа ұмтылғыш қасиеттің жемісі. Ұлы Дала еліміздің сан ғасырлық тарихында біз небір сұрапыл соғыстар мен керемет бейбіт өмірді көріп «мың өліп, мың тірілген», сан рет қисайып, талайды мойындата білген қазақ деген атпен тәуелсіздікке жеттік.Бүгін міне, тәуелсіздік жағдайында, ата-бабаларымыздың бізге азат мемлекеттігімізді қайта қалпына келтіру, ел бірлігін күшейту аманаты Елбасымен бірге іске асып, алға басудамыз», – деді Шәріп Әбдірахманов.
Жиында Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің, партиямыздың жеткен жетістіктері, елдегі бірлік, тұрақтылық мәселесі де сөз болды. Ардагерлер тәуелсіздігіміздің құндылығын жас ұрпақ санасына сіңірді.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов Тәуелсіз елеміздің дамуына өзіндік үлес қосқан партия белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.