
"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы "Шымбай" БПҰ қарасты №1 мектеп-гимназиясында, "Сәулет" БПҰ қарасты №233 мектеп және "Береке" БПҰ қарасты №253 мектептерде «Тәуелсіздік күніне» орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын салтанатты қабылдау жиыны өткізілді.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушы оқушылар отансүйгіш болуға, туған елі мен жерін, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Ұйым қатарына қабылданған оқушыларға келген қонақтар мен мектеп ұстаздары көк галстук пен төсбелгілерін тақты. Оқушылар бойында патриоттық сезім оянып, туған жеріне, туған мектебіне деген сүйіспеншілігі артқаны байқалды. Өйткені келген түлектер, өздерінің балалық шағынан сыр шертіп қана қоймай, жас ұрпақты болашақтағы мамандықты туған өлкесінің қажетіне жарайтын оқу орынын таңдауға бағыт - бағдар берді.