САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Кеше облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ҚР-ның «Тәуелсіздігіне 26 жыл» толуына орай салтанатты жиналыс өтті. Шарада Тәуелсіздік мерекесіне орай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Е.Алтаев сөз сөйледі.
Жиын барысында «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен Әділет департаментінің бөлім басшысы Ж.Абсат наградталды. Республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның заңгерлер одағы» төрағасының Құрмет грамотасымен ҚМУ-дың аға оқытушысы Е.Алтаев, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары М.Асанова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры А.Тобаева марапатталды.
Сондай-ақ, облыс әкімінің, облыстық маслихат хатшысының және Әділет департаменті басшысының грамоталары мен алғыс хаттары бірқатар қызметкерлерге табысталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 желтоксан 2017 г. 613 0