МАРАФОН САЙЫСЫ ӨТТІ

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі, 266 мектеп лицей жəне «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» əлеуметтік жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Əйтеке би кенті тұрғындары арасында марафон сайысы болып өтті.
Жарысқа 100-ден аса оқушы қатысты. Қатысушылар Тәуелсіздігімізді түлеткен желтоқсан айында Желтоқсан көшесімен жүгіріп №266 мектеп лицей жанында тəмамдады.
Жеңімпаздарды құттықтау үшін №266 мектеп лицейінің директоры Б.Жолтаев сөз алып, оза шапқандарды жүлделі орынмен марапаттады. Сондай-ақ, жүлделі 1-орынды Нұрдулла Дінмұхаммед иеленсе, 2-орын Талайлы Мирас қанжығасына байлап, 3-орынды Амантай Рамазан иемденді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 26 жыл толуына орай аталмыш шараға сүбелі үлес қосқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Əйтеке би кенті әкімінің арнайы марапатымен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2017 г. 978 0