Тігін шеберлеріне сұраныс зор

Тігін шеберлеріне сұраныс зорҚармақшы. Ауданда жеке кәсіпкер Гүлбану Сәбетқызы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 2,5 млн теңге көлемінде несие алып, биылғы жылдан бастап «Гүлбану» тігін шеберханасына 5 адамды жұмысқа тартты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бұл шеберханада тігілген киімдер, перделер, тағы басқа жасалған заттар күнделікті тұтынуға ауыл тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие. Сонымен бірге оқушылар, дәрігерлердің, теміржолшылардың, күзет, өрт сөндірушілердің, спортшылардың, құқық қорғау қызметкерлерінің, даяршылардың киімдерінің барлығына тапсырыс қабылдайды. Аталған шеберхана қызметкерлері әрбір тапсырысты тез әрі сапалы орындауға күш салып, еңбек етуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2014 г. 862 0