
Кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, еңбек етуге жағдай жасау, экономикалық және инновациялық өркендеу – бұның бәрі мемлекетіміздің қазақстандықтар үшін жасап отырған мүмкіндігінің арқасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты қоғамның тұрақтылығы мен келісімінің, халықтың әл-ауқатының және еліміздің экономикалық дамуының көрінісі.
Бүгін біз еліміздің 26 жылдық тәуелсіздігі күнін атап өткелі отырмыз. Осы жылдар ішінде Қазақстан зор табысқа жетті. Тәуелсіздік – біздің көп ұлтты еліміздің баға жетпес құндылығы, мәртебесі. Тәуелсіздік – бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі, адам қызығушылығының қорғалуы, бостандық пен берекенің символы. Елбасының халыққа жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуы да әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатындығы анық.
2017 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов барша ұжым қызметкерлерін және құтқарушыларды, ардагерлерді осы айтулы күнмен құттықтап, оларға ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің және департаменттің мерекелік алғыс хаттарын, төс белгілерін табыстады.
Оған қоса, Шиелі ауданы № 9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұрлыбек Сәдібековке азаматтық қорғау лейтенанты алғашқы арнаулы атағы, Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Еркін Жәкейге азаматтық қорғау капитаны кезекті арнаулы атағын ТЖД бастығы О.Бержанов табыстады.
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Болат Бисеновті салтанатты жағдайда зейнет демалысына шығарып салу рәсімі болды. Облыстық ТЖД бастығы Омар Бержанов оның ұзақ жылдар бойғы қызметіне алғыс білдіріп, оған бақыт пен денсаулық тіледі және ұжымның атынан естелік сыйлық табыс етті.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.