Мәжілісте Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда Мәжіліс төрағасы Елбасының Жарлығымен Палата депутаттары және аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Жиында Мәжіліс спикері Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Елбасымыз негізін қалаған тәуелсіздікті сақтау жолында қызмет ету – ол біз үшін үлкен абырой. Себебі Тәуелсіздіктің арқасында біз бүгінде бүкіл әлемге танымал ел болдық. Осының барлығы Елбасымыздың салиқалы саясатының және біздің халқымыздың ерен ерліктерінің арқасында жеткен табыстар екені сөзсіз", - деді.

Салтанатты шарада Мәжіліс депутаты Владислав Косарев «Парасат» орденімен марапатталса, Мәжіліс депутаттары Қожахан Жабағиевке, Уәлихан Қайназаровқа, Құралай Қарекенге, Бақыткүл Хаменоваға және Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Ержан Нүкежановқа, Мәжіліс аппаратының бөлім меңгерушісі Асылбек Құбашқа «Құрмет» ордені берілді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова, Снежана Имашева, Сергей Симонов «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленсе, Мәжіліс аппаратының бөлім меңгерушісі Зәуре Иманбергенова «Құрмет» грамотасын алды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2017 г. 487 0