« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Қазгидромет» РМК-ның Сырдария өзені «Көкбұлақ» гидробекеті аймағында ағымдағы 11-12 желтоқсан аралығында су өтімінің 1 500 - 1 800 м3/сек дейін артуы күтіліп, су тасулар мен су басулар болуы мүмкіндігі туралы дауылды ескертуі хабарланған болатын.
Осыған байланысты, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы ресми хатына сәйкес, «Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілетін су көлемін 1 000 м3/с-ке асырмау көзделуде. Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанына Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 1 000 текше метр су жіберілуде.
Бұл ретте, Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз қату процесі жүруіне байланысты Шардара су қоймасынан жіберілген судың жету мерзімін ескеріп, «Көксарай» су реттегішіне 400 м3/сек қабылдай отырып, қалған су көлемін Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберуді қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни, Су ресурстары комитеті өзеннің төменгі ағысына жіберілетін суды 600 м3/сек көлемде ұстап тұруды межелеп отыр.
Соған сәйкес, 15 желтоқсаннан бастап Көксарай су реттегішімен су алына бастайды.
Сонымен қатар, облыс аумағына мол су келген жағдайда су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК тарапынан каналдармен су алу кестесі әзірленген.
Жалпы Сырдария өзені бассейніндегі жағдай қатаң бақылауға алынды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |