Жаңақорған. 2013 жылдың қорытындысымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 41 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы үшін 4,96 млн теңге бөлінсе, 57 маманға тұрғын үй сатып алу мақсатында 147,5 млн теңге бюджеттік несие қарастырылған болатын.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін бөлінген қаржы толықтай игеріліп, 41 маман көтерме жәрдемақы алып, 62 маман баспаналы болды. Ал 2014 жылы біржолғы жәрдемақы үшін 124 маманға 16,1 млн теңге, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында 65 маманға 181,7 млн теңге республикалық және жергілікті бюджеттен жоспарланған. Ақпан айынан бастап осы қаржылар меже бойынша игерілетін болады.