
Жаңадария ауылдық клубында "Тәуелсіз Қазақстан - Тұғырлы ел" атты мерекелік шара өткізілді.
Шараны ауыл әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.Ақпанбетов ашып беріп, ауыл тұрғындарын 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп, көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған күн, деп сөзін аяқтады.
Сонымен қатар ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Ж.Тұрғанов батасын берсе, жас ақын Айтмағанбет Нұртөре өз шығармасынан Елбасына деген ризашылығын білдірді.
Шара соңында ауыл көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.