« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көшкендер адам өлтіруден бастап зорлық-зомбылық, ұрлыққа дейін барады. Қаңғыбас болып кеткендер де бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ол Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 6500 азамат заңсыз жолмен жұмыс істеуге барғанын айтты.
«2017 жылдың ортасына дейін Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 5 500 адам заңсыз көшіп барған. Жылдың аяғына қарай аталған көрсеткіш 6 500-ден асты. Яғни ол жақта заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді», - деді ол.
Бұл жағдай Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты визасыз режимді енгізгеннен кейін ушыға түскен.
Ардақ Мәдиев Оңтүстік Кореяға заңсыз жолмен барған жерлестеріміздің қиын жағдайларға тап болатынын атап өтті.
«Олар адам өлтіруден бастап, зорлық-зомбылық, ұрлыққа дейін барады. Қаңғыбас болып кеткендер де бар. Оңтүстік Кореяның ақпаратына сәйкес, онда қазір қара риэлторлар тобы бар. Олар қазақстандықтарды жинап, Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жан түршігерлік жағдайда өмір сүреді. Оларда ешқандай еңбек келісімшарты да, медициналық сақтандыруы да болмайды. Жарақат алса да, елге оралмайды. Қаңғыбас болып жүре береді», - деп түйіндеді сөзін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |