Үш қазақстандыққа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін: 
Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы; 
Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы; 
Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы. 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының       Президенті  
                            Н. Назарбаев    Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2017 г. 529 0