Оңалту орталығында баланың тұсауы кесілді

Оңалту орталығында баланың тұсауы кесілдіҚызылорда. Қала іргесінде орын тепкен Талсуат ауылында ашылған балаларды оңалту орталығында емделіп жатқан өрендердің денсаулығын жақсартуда оң нәтижелер көрініс беруде. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  
Шымкент қаласынан келіп емделген 1,9 жастағы Тұрғанбек Миржан деген бөбек  орталыққа келгеннен кейін алғашқы қадамын басты. Оның сәтті қадамына қуанған анасы мен әкесі тұсаукесер рәсімін жасады.
Республикалық балаларды оңалту орталығының Қызылордада филиалын ашуға облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың еңбегі зор. Филиал директоры Балсия Мукушқызының айтуынша, қазір облыста 2644 мүгедек бала бар. Оның 595-не ДЦП диагнозы қойылған. Бұрын жергілікті тұрғындар Астана мен Алматығы емделуге баратын. Жолдама қолға 2 жылда бір-ақ түседі екен. Енді жылына ррталықта екі рет емделуге мүмкіндік бар. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2014 г. 888 0