Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Азаттықтың арайлы таңынан бері тәу етер киемізге айналған ең ұлық мерекеміз – ата бабаларымыздың аңсап күткен Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!
Осыдан тура жиырма алты жыл бұрын қазақтың асып туған ұлы, кемеңгер қайраткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен көпұлтты Қазақстан халқы ұлы мұратқа қол жеткізді.
Қысқа мерзiмде Есілдің тамырына қан жүгіріп, сайын Сарыарқа төсінде сәулетті Астана бой түзеді.
Өркениеттер қақтығысы өршіп тұрған тұста төрінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз Қазақстан – ынтымақ ұясына, жерұйық мекенге айналды. Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық беделді ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.
Әлемдік діндер өкілдерінің басын қосқан төрт бірдей съезд өтті.
Тәуелсіздіктің әр жылы – бұл жаңа Қазақстан тарихындағы тұтас дәуір. Құрамына 57 мемлекет кіретін Ислам Конференциясы Ұйымына басшылық жасады. Спорттағы жетістіктерін төрткүл дүниеге паш етті. Мәдениеті мен өнеріне әлем бас иді.
2017 жылы Астанада ЕХРО көрмесінің өткізілуі бұл Елбасының жаһандық деңгейде ойлай білетін көреген саясаткер екендігінің дәлелі, ортақ Анамыз – Жер шарын сақтап қалу жолындағы перзенттік борышының өтеуі іспетті.
Мемлекеттік жоқ жерде бостан­дық болмайды. Сондықтан, халқымыз қай дәуірде де мемлекет мүддесін бойтұмардай сақтап, құрандай қастерлеген. Кең даланы еркін жайлаған еліміздің бостандық жолында басын талай бәйгеге тіккені тарихи шындық. Әйтсе де, ешқашан бас еркіндік баянды елдіктен биік тұрған емес.
Біз бабалардың аманаты алдында, ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухы алдында тағзым етеміз.
Іргесі берік, мемлекеттігі мығым еліміздің айбыны асып жатса, осының барлығы Тәуелсіздіктің арқасы.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың құтты мекені, қасиетті шаңырағына айналған ұлы Далада Азат елдің баласы атанудан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыраны қанат жайып қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!

Филиал директоры Ғ.Төрешов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2017 г. 914 0