Қызылорда. Үстіміздегі жылдың 24 ақпан-2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында жастар арасында Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Оған 11 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады.
Олардың қатарында жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы астаналық Рахат Мыржықпаев, қарағандылық Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қатысушысы Владислав Сталбовский, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері, алматылық Стоян Мазур, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қатысушысы, қызылордалық Сабыржан Әбілов, Әлем чемпионатының жүлдегерлері, оңтүстікқазақстандық Бауыржан Темірхан және жамбылдық Әлімжан Бескемпір бар. Осы жарыстан чемпион атанған спортшыға ҚР спорт шебері атағы беріледі.